Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Тобы: Балдырған ересек топ.

Тәрбиеші: Мамырқұл Э.Н.

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат».

Мақсаты: Балалардың тез санау, цифрларды атау және сандарды ретімен қою біліктерін бекіту. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін атап білу. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Заттардың көлемдері бойынша салыстыруға жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Ойлау арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту. Математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.Топпен жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.